Су тасқынынан 174 адам көз жұмды

0
784

Үндістанның оңтүстігі мен батыс жағалауларында муссон жаңбыры құйып тұр.


Су тасқынынан 174 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістанның түрлі өңірлерінде толассыз жауған муссон жаңбырынан туындаған су тасқыны бес күнде 174 адамның өмірін қиды, дап хабарлайды ktk.kz.

Ресми мәліметтер бойынша, оңтүстіктегі Керала штатында 57 адам көз жұмған. Муссондардың кесірінен 165 мың адам үйін тастап шығып, 1318 лагерьге қоныстанды. Шенеуніктердің айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан 200 үй қиратылған. Сондай-ақ, көрші Карнатака штатында 30 адам көз жұмып, тағы 14 адамның із-түссіз жоғалғаны белгілі болды. Мемлекет әкімшілігі 30 мың адамды 924 көмек лагеріне қоныстандырды.

Ал, Кералада 15, Гүжаратта 11 адам қаза тапқан. Соңғы кездері Үндістанның оңтүстігі мен батыс жағалауларында муссон жаңбыры құйып тұр. Ал шілде айында муссон жаңбыры елдің шығысына алапат шығын әкеліп, жүздеген адамның өмірін қиған еді, бұдан тыс 10 миллионнан астам адам зардап шеккен.