Суға толы алып планета анықталды

0
1 976

​Халықаралық астрономдар hubble телескобынан алынған деректерді пайдаланып экзопланета атмосферасын толық сипаттап берді. Өзінің химиялық құрамы бойынша және көлемі жағынан Сатурнға ұқсас WASP-39b күн жүйесіндегі планеталардан қатты ерекшеленеді.


Суға толы алып планета анықталды

Фото : NASA

Халықаралық астрономдар hubble телескобынан алынған деректерді пайдаланып экзопланета атмосферасын толық сипаттап берді. Өзінің химиялық құрамы бойынша және көлемі жағынан Сатурнға ұқсас WASP-39b күн жүйесіндегі планеталардан қатты ерекшеленеді.

WASP-39b –қа дейінгі арақашықтық жерден 700 жарық жылды құрайды. Ол күн тектес жұлдызды айналады және төмен тығыздықта әрі жарық таратушыға жақын орналасқан газды гиганттар – ыстық сатурн сыныбына жатады. Атмосферасында бұлтың болмауы ғарыштық абсерваторияға экзопланетаның ауа қабықшасының өткізгіштігін анықтауға мүмкіндік берген.

Зерттеушілер одан судан шығатын буды анықтады. Оның мөлшері Сатурндағыдан үш есе көп. Қала берді, атмосферада ауыр элеметтер нысаны байқалған. Бұл – планетаны көптеген кометалар бомбылағанының айғағы. Мұндай құбылыс бастапқыда WASP-39b күн тектес жұлдыздан әлдеқайда алыста орналасқанын көрсететі.