Суға тұншыққан баласын дұғамен тірілтемін деп өлтіріп алды

0
1 670

​Хабаровск қаласының тұрғыны өзінің суға түншығып қалған баласын шіркеу суы және иконамен тірілтпек болған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.


Суға тұншыққан баласын дұғамен тірілтемін деп өлтіріп алды

Хабаровск қаласының тұрғыны өзінің суға түншығып қалған баласын шіркеу суы және иконамен тірілтпек болған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Оқиға желісі былай өрбиді. Жергілікті БАҚ хабарлағанындай, әсіре діншіл әйел дұға етуге шіркеуге кіріп кеткен уақытта 9 жасар ұлы тоғандағы суға түсіп, белгісіз себептермен тұншығып қалады. Баланың суға батып бара жатқанын Сергей есімді жасөспіріп көріп қалып, дереу жағаға алып шыққан. Жас жігіт қолынан келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысады.

Қызықтың көкесі балақайдың анасы келген соң басталған.
Аузынан көбік ағып, жанталасып жатқан балақайды көрген ана жедел жәрдем шақыруды тіпті ойламаған. Керісінше шіркеуге қайта кіріп, "қасиетті судан" әкелген. Онымен баласын үшкіріп, одан қалса «киелі кітапты» перзентінің үстіне қойып, құдайға жалбарынып отыра берген.
Әуелгіде, жүргіншілер мен жергілікті тәртіп сақшылары әйелді ес-ақылдан адасты деп түсінеді. Бірақ құдайға сыйыну арқылы ұлын тірілтіп алмақ әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды. Көмек беруге ұмтылғандарды анасы мүлде жолатқысы келмепті. Бейғам әйелдің көктен дұға тілеуінен күйіп кеткен куәгерлер айғайға басып, жылап та жіберді.
Қалай десе де, ананың ешбір әрекеті баланы аман сақтап қала алмады. Қыршыннан қиылған бала өлімін тергеушілер тексеруде.

Бұл тоғанда шомылуға тыйым салынғанын шіркеу орналасқан саябақ күзетшілері білсе де балаларға ескерту жасамаған. Қайғылы жағдайда олардың ешбірі қара көрсетпеген.
Ал, дінге бойлай кіріп кеткен марқұм баланың анасы ұлының денесін қалдырып, ол жерден тайып тұрған.