Сүйіктісін тастап кеткен ер адам тілсіз қалды

0
1 068

Көршісі қатты шыққан дауысты естіп, жедел-жәрдем шақырған.


Сүйіктісін тастап кеткен ер адам тілсіз қалды

ERNUR.KZ. Барселоналық қыз өзін тастап кеткен жігіттің тілін қоштасу сүйісуінде жұлып алыпты, деп жазады sn.kz.

24 жастағы Адайя Лопес Эстеве 2016 жылдың желтоқсанында 42 жастағы ер адаммен танысқан. Екі ай өткен соң екеуі ара-қатынасын тоқтатуға шешім қабылдапты. Бірақ көп уақыт ұзамай екеуі қайтадан табысады. 4 ай уақы төткен соң, каталониялық жігіт Эстевенің мінезіне шыдамы таусылып, ажырасқысы келетінін айтқан.

Оның айтуы бойынша, экс-қызы ашу үстінде үйден шығып кетіп, біраз уақыттан соң қайта оралып, кешірім сұрапты. Оның шешіміне қарсы шықпайтынын айтып, соңғы рет ернінен сүюін сұрапты. Осы сәтті пайдаланып Эстеве жігітінің тілін тістеп, жерге түкіріп жіберген. Көршісі қатты шыққан дауысты естіп, жедел-жәрдем шақырған.

Бірнеше күн өткен соң, Эстеве сотталды. Үстінен іс қозғалып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Қыз өз кінәсін мойындар емес.

Осы оқиғадан соң, Ұлыбританияда да осыған ұқсас жағдай қайталаныпты. Қызғаншақ әйел сүйіктісінің бетіне вино құйылған ыдысты лақтырып жіберген. Қызы жігітінің өзгелермен сөйлескенін біліп қалған. Ағылшын соты жігітке 180 сағат ақысыз түзету жұмыстарын тағайындады.