Сыра тиелген көлік аударылып, көшедегі халық тегін тойып алды

0
836

Куәгерлер 30 мың жәшік сыраны ұрлап кетті.


Сыра тиелген көлік аударылып, көшедегі халық тегін тойып алды

ERNUR.KZ. Сыра тасып бара жатқан жүк көлігі көшеде аударылып қалып, Уругвайдағы Куругуати қаласы тұрғындары үшін есте қаларлық оқиғаның біріне айналды, деп жазады zakon.kz.

Оқиғаның кездейсоқ куәгерлері қарап тұрмай, сыраның 30 мыңға жуық жәшігін тасып әкетті. Тұрғындар тіпті сыраға таласып қалған.

Жүргізуші көпірден өтіп бара жатқанда көлікті аударып алыпты. Апат салдарынан ешкім жарақат алған жоқ. Тіпті тиелген сыра жәшіктері де сынбаған.

Қаңтар айында осыған ұқсас жағдай Пхукетте болған. Онда да сыра тиелген көлік аударылып, Тайландтың жүздеген тұрғыны тегін сыра дегенді естіп, оқиға орнына тұра жүгірген болатын.