"Тағы 26 адам": Армян тарапы қаза болған әскерилердің есімін жариялады

0
217

Таулы Қарабақ әскерилердің арасында қаза болғандар саны 84-ке жетті.


ERNUR.KZ. Таулы Қарабақ Республикасының (мойындалмаған) Қорғаныс министрлігі дүйсенбінің кешінде армян тарапынан қаза болған әскерилердің жаңа тізімін жариялады, деп жазады Тengrinews.kz.


Басылымның мәліметінше, Қарабақ қақтығысында 28 қыркүйекте тағы 26 әскери қызметкер қаза болған.

Галтахчян Ашот Арменович, 2001 ж.т.
Овсепян Юрий Каренович, 2000 ж.т.
Аванесян Ашот Мейваевич, 2000 ж.т.
Амирян Самвел Саркисович,1996 ж.т.
Арутюнян Вануш Ваграмович, 2000 ж.т.
Овсепян Эрик Тигранович, 2002 ж.т.
Саркисян Нарек Самвелович, 2001 ж.т.
Геворкян Жора Каренович, 2001 ж.т.
Саркисян Арсен Саркисович, 2001 ж.т.
Хачатрян Арман Арменович, 2001 ж.т.
Арутюнян Самвел Норайрович, 2000 ж.т.
Тахмазян Ваагн Варданович, 2001 ж.т.
Чобанян Ованес Зограбович, 2002 ж.т..
Акопян Тигран Меружанович, 2000 ж.т.
Манучарян Григор Рашидович, 2002 ж.т.
Зороян Тигран Манвелович, 2002 ж.т.
Хачатрян Эрик Артурович, 2002 ж.т.
Заргарян Акоп Беникович, 2002 ж.т.
Казарян Сосик Гарикович, 2002 ж.т.
Карамян Ашот Аветикович, 2002 ж.т.
Мусаелян Ирина Лаврентьевна, 1979 ж.т.
Меликян Аваг Гришаевич, 1978 ж.т.
Мовсисян Андраник Геворкович, 1987 ж.т..
Саркисян Ваагн Ашотович, 1975 ж.т.
Испирян Дмитрий Сергеевич, 1987 ж.т.
ерікті Петросян Роберт Арменович, 1992 ж.т.

Таулы Қарабақта не болып жатыр?

Осылайша Таулы Қарабақ әскерилердің арасында қаза болғандар саны 84-ке жетті.

"Қайтыс болғандардың арасында келісімшартпен жұмыс істеген екі әйел Ирина Мусаелян және Асмик Арзуманян, сондай-ақ ерікті Роберт Петросян бар", - деп жазады басылым.

Сондай-ақ Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскеріне жасаған соққысының кадрларын жариялады. Видеодан атылған оқтың әскери техникадан бөлек, әзербайжандық әскерилерге де тигенін көруге болады. Соққы тигенге дейін әскерилер қашады. Ал кейін олардың бір бөлігі жерге құлайды.



Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.
Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет