Тағы бір қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяда жол апатын жасады

0
681

Қазақстандық жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарып бара жатқанда жүк көлігіне соқтығысқан.


Тағы бір қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяда жол апатын жасады

ERNUR.KZ Оңтүстік Кореяда соңғы кездегі қазақстандық азаматтың қатысуымен үшінші жол апаты болды, деп жазады Stan.kz.

Бұл жолы апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Жазатайым оқиға Чхонан қаласында болды.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлағандай, қазақстандық жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарып бара жатқанда жүк көлігіне соқтығысқан.

«Мәселе жүк көлігінің жүргізушісімен өзара шешілді. Біздің азаматқа қатысты ешқандай шағымдар жоқ, олар оны тек Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүргені үшін жер аударды», - деді Смадияров.

Оның айтуынша, жүргізші алған жарақатын сол елде емдеді.

«Ол бүкіл соманы төледі. Оған елшілік те, онда тұрған қазақстандықтар да көмектесті. Олар қажетті соманы жинады, қазақстандық азамат ол жерде ұзақ уақыт ем қабылдады, емі сәтті болды», - деді ол.