Таиландта екі айдан бері бірде-бір COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелмеді

0
728

Таиландта 3017 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.


Таиландта екі айдан бері бірде-бір COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелмеді

ERNUR.KZ. Таиландта коронавирус пандемиясы басталғаннан бері індет жұқтыру дерегі мен адам өлімі тіркелген жоқ, деп жазады Tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, ел билігі жағымды жаңалыққа қарамастан, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр. Яғни Таиланд тұрғындары қолдарын жиі жуып, маска тағып жүруі қажет әрі арақашық сақтауды ұмытпауы керек дейді.

Айта кетейік, Таиландта 3017 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 2 844 науқас айықса, 56 адам аурудан көз жұмған.