Тайваньда әскери базада жарылыс болды

0
295

Жарылыстың себебі әлі белгісіз.


Тайваньда әскери базада жарылыс болды

ERNUR.KZ. Тайваньның солтүстік-шығысындағы әскери базада жарылыс болды. Бұл туралы аралдың орталық ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Цзилун қаласындағы әскери базада болған. Жарылыс салдарынан кем дегенде тоғыз адам зардап шеккені атап өтілді. Жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр.

Жарылыстың себебі мен төтенше жағдайдың алдын ала нұсқалары көрсетілмеген.