Тайваньдағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 10-ға жетті

0
511

Барлығы 1099 адам зардап шекті.


Тайваньдағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 10-ға жетті

ERNUR.KZ. Тайвань жағалауындағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 10 адамға дейін өсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, афтершоктардың салдарынан 1099 адам зардап шегіп, 15-і хабар-ошарсыз кетті, тағы 705-і үйінді астында жатыр.

Хуалянь уезіндегі іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, қазір құтқарушылардың басты назары елді мекеннің айналасындағы таулы аймақтарға бағытталған.

CGTN хабарлағандай, төтенше жағдайлар штабы жалғасып жатқан жер сілкінісі құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын қиындататып жатқанын айтты.

Метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, Хуалянь округінде және оған жақын аудандарда жер сілкінісінен бері 400-ден афтершок тіркелген.