Таксиге отырған жолаушы әйел шу шығарып, Желіде "жұлдыз" болды

0
973

Жолаушы әйел жүргізушіге жұдырық ала жүгірген.


Таксиге отырған жолаушы әйел шу шығарып, Желіде

ERNUR.KZ. Мәскеуде "адамдар күтіп тұр" деген желеумен такси жүргізушісіне айғайлап, былапыт сөз айтқан, деп жазады tengrinews.kz.

Мұнысымен қоймай, жолаушы оған жұдырық ала жүгірген. Оқиғаны такси жүргізушісі видеоға түрсіріп алған, осылайша ролик Желіде көптеген қаралым жинап, пікір жазылған.

Жолаушы Сібірдегі үздік ЖОО-лардың бірінің түлегі әрі сұлулық байқауларының қатысушысы Яна Данькова болып шықты. 2012 жылы ол "Томск аруы" байқауында үшінші орын алған, кейін "Краса России" байқауына қатысқан.

Қыз Мәскеуде фитнес-бапкер болып жұмыс істейді екен, дұрыс тамақтану бойынша кеңес береді.

Baza Telegram-каналының мәліметінше, жанжал такси қызметіне 57 рубль қосып төлеу керек болған соң шыққан. Сөйтсек, таксист жолаушыны көп күткен, ал жолаушы келген соң жолға шыққанын білдіретін батырманы баспаған. Такси діттеген жеріне жетер кезде жүргізуші оны 8 минут күткенін, сондықтан 57 рубль артық сұрап, шу шығарған. Жүргізуші оны жетер жеріне жеткізбей, тастап кеткен.

Осыдан кейін Яна Instagram желісінде жүргізушінің дөрекі болғанын, Можайский тасжолында түсіріп кететінін айтып қорқытқанын, ал өзіне керек кезде видеоға түсіре бастағанын жазған.