Тәліптер әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

0
567

Хабарламада Ауғанстандағы әскери әрекеттер «әйелдердің өміріне жағымсыз әсер еткені» айтылған.


Тәліптер әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ERNUR.KZ. Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Абдул Кахар Балхи ел билігі «мемлекетте тұратын әйелдер үшін лайықты және қолайлы жағдай жасауға» үміттенетінін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Ауғанстан билігі әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Құттықтауды Twitter-де Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Абдул Кахар Балхи жариялады.

"8 мамыр халықаралық әйелдер күні барша қыз-келіншектерге берекелі болсын", - дейді Абдул Кахар Балхи.

Хабарламада Ауғанстандағы әскери әрекеттер «әйелдердің өміріне жағымсыз әсер еткені» айтылған. Ел үкіметі «мемлекетте тұратын әйелдерге лайықты және қолайлы жағдай жасауға» үміттенеді.

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) билікке келгеннен кейін осы елдің әйелдері бірнеше рет наразылық акциясын өткізді. Белсенділер билікті әйелдер құқығын құрметтеуге шақырды.