Танымал дәрігер коронавирустың ауыр формасын тоқтатуға көмектесетін әдісті атады

0
2 087

​Ресейлік дәрігерлер жүргізген клиникалық зерттеулер нәтижесін UpToDate атты дәлелді медицина сайты да қолдап отыр.


Танымал дәрігер коронавирустың ауыр формасын тоқтатуға көмектесетін әдісті атады

ERNUR.KZ. Танымал тележүргізуші, дәрігер Александр Мясников коронавирус жұқтырып ауыр халге түскен науқастарға интерферон-гамманың қалай көмектесетінін айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның сөзіне қарағанда, ресейлік дәрігерлер интерферондардың тапшылығы инфекцияның өршіп кетуіне себеп болады деген шешімге келген. Содан науқас ауыр халге түседі. Осы ақпаратты UpToDate атты дәлелді медицина сайты да растап отыр.

"Оған қоса, интерферондарды тыныс алу жолдары арқылы енгізудің тиімділігі де расталды", – деп жазды Мясников Telegram-арнасында.

Осы орайда маман бірнеше ай бұрын өзінің ауруханасында өткізілген клиникалық зерттеулердің нәтижесін еске алды. Сол кезде коронавирустың ауыр формасына шалдыққан науқастарға интерферон-гамманы еккен. Ондай әдіс пневмонияның кейбір түрлерін де емдеуге көмектесті.

Қазіргі кезде дәрігерлер мұрынға тамызатын интерферон-гаммаларды зерделеп жатыр. Негізгі мақсат – коронавирустық инфекцияның ауыр формасын тоқтату.

Интерферондар – бұл адам ағзасындағы ақуыздардың жалпы атауы. Олар жасушалардан бөлінеді. Бұл – вирусқа қарсы реакция. Интерферондар белгілі бір жасушалық ақуыздарды күшейтіп, вирустың көбеюіне жол бермейді.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Мясников болашақта жоғары өлім-жітімге әкелетін вирус (COVID-19 ондай вирус емес) шықса, үлкен эпидемияның басталатынын мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, вирустардың мутациясы жаңа пандемияға ұласуы мүмкін. Сол себепті қажетті қорғаныс шараларын әзірлеп қойған маңызды.