Танымал тележүргізуші мүгедектер арбасына таңылды (видео)

0
2 518

​Видеода тележүргізушінің аурухана ішінде мүгедектер арбасында отырғаны түсірілген. Сондай-ақ, ол өзіне қандай диагноз қойылғанын да көрсетті.


Танымал тележүргізуші мүгедектер арбасына таңылды (видео)

ERNUR.KZ. Ресейлік тележүргізуші Лера Кудрявцева сегізкөзі сынған соң мүгедектер арбасына таңылды. Кудрявцева арбадағы видеосын Instagram парақшасында жариялады, деп жазады sputniknews.kz.

"Коронавирустан енді есімді жиған едім. Кеше үйде құлап, сегізкөзімді сындырдым. Осы айда сюрреализмде өмір сүріп жатырмын", - деп жазды Кудрявцева.




Видеода тележүргізушінің аурухана ішінде мүгедектер арбасында отырғаны түсірілген. Сондай-ақ, ол өзіне қандай диагноз қойылғанын да көрсетті.

Айта кетейік, қаңтардың басында тележүргізуші коронавирус жұқтырды. Ол өзінің инфекция жұқтырғанын кездейсоқ білген. Шетелге саяхат алдында жақындарымен бірге коронавирустың бар-жоғын білу үшін тест тапсырған, алайда күйеуінен инфекция табылмады.

Ресейлік тележүргізуші, актриса, биші Валерия Кудрявцева 1971 жылы Қазақстанның Өскемен қаласында дүниеге келген. Өскемендегі мәдени-ағарту училищесі театр режиссурасы факультетін бітірген. 1995 жылдан бері телеарна саласында жұмыс істейді. Бірінші арна, Ресей-1, НТВ, ТВ-6, Муз-ТВ, ТНТ секілді арналарда қызмет етті.