Танзанияда лай көшкінінен 63 адам қаза тапты

0
543

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 2 желтоқсан күні жауған жаңбырдың соңы үлкен салдарға алып келді.


Танзанияда лай көшкінінен 63 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Танзанияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласып, салдарынан 63 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды, деп жазады Stan.kz


Жергілікті биліктің хабарлауынша, 2 желтоқсан күні жауған жаңбырдың соңы үлкен салдарға алып келді.

"Біз 63 адамды жоғалттық, оның ішінде 23 ер адам мен 40 әйел бар", - деді Танзания премьер-министрі Касим Маджалива.

Ал тұрғындардың айтуынша, су тасқыны мен лай көшкінінен жүргізіп отырған кәсіптері де зардап шеккен.

"Су тасқыны мен лай көшкіні үлкен зиянын тигізді. Сол күні таңғы алтылар шамасында жаңбыр жауып, кейін су тасқыны басталды. Бұл біздің бизнесімізге әсер етті, енді дүкенім жоқ. Үйлер қирап, көптеген отбасы жақындарынан айырылды. Барар жеріміз жоқ, үкіметтен көмек сұраймыз", - деді тұрғындардың бірі.

Танзанияға көршілес Кения, Сомали және Эфиопиядағы табиғи апат салдарынан жүздеген мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар аймақ бұған дейін соңғы 40 жылдағы ең қатты қуаңшылыққа ұшыраған болатын. Құрғақ топырақ суды сіңіре алмайды және су тасқынының қаупін арттырады.