Тарихтағы ең ұзақ бейнебаян Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
1 782

Twenty One Pilots тобы бұған дейін «Happy» әніне түсірілген 24 сағаттық бейнебаянының рекордын жаңартты.


Тарихтағы ең ұзақ бейнебаян Гиннестің рекордтар кітабына енді

ERNUR.KZ. Twenty One Pilots тобы тарихтағы ең ұзақ бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Хабар24.

«Level of concern» әніне түсірілген бейнебаяндарының ұзақтығы 4264 сағатқа немесе 178 күнге созылды.

Топ мүшелері интерактивті «шексіз» бейнебаянды 2020 жылдың маусым айында бастады. Әрбір үш минут қырық секунд сайын оған табынушылары музыканттарға жіберген жаңа фрагмент қосылып отырған.

Twenty One Pilots тобының жоспарына сәйкес мәңгі жалғасуы керек болған трансляцияны топтағы барабаншы Джош Дан тоқтатып тастады. Ол бейнебаянды 16 желтоқсанда байқаусызда бөліп алған. Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері фактілерді тексеріп, мұның тарихтағы ең ұзақ видео екенін растады.

Twenty One Pilots тобы Фаррелл Уильямстың бұған дейін «Happy» әніне түсірілген 24 сағаттық бейнебаянының рекордын жаңартты.