​Ташкентте 1,6 миллион доллардың үйі сатылып жатыр (фото)

0
2 293

Мароккандық стильде соғылып, дизайн жасалған үш қабатты үйдің барлық жиһазы Италиядан арнайы әкелініпті.


​Ташкентте 1,6 миллион доллардың үйі сатылып жатыр (фото)

ERNUR.KZ. Ташкент қаласында ауласы пальмаға толған коттедж саудаға шығарылды, деп жазады ca-news.org.


Өзбекстан астанасының Мирзо-Улугбек ауданындағы бұл үй «Беверли-Хилз» жобасы бойынша салынған. Сатылатындығы жөнінде хабарлама фейсбуктағы жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатын бір топта жарияланды.

Мароккандық стильде соғылып, дизайн жасалған үш қабатты үйдің барлық жиһазы Италиядан арнайы әкелініпті. Үй иесі осынау коттедж үшін 1,6 млн АҚШ долларын сұрап отыр.