Ташкентте әйелдерге өзін қорғану үшін тегін курстар өткізеді

0
649

Қатысушылар 13 жастан 18 жасқа дейін және 18 жастан жоғары деп екі топқа бөлінеді.


Ташкентте әйелдерге өзін қорғану үшін тегін курстар өткізеді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігі қыз-келіншектерді өзін-өзі қорғауға үйрету бағдарламасының 2021 жылдағы соңғы кезеңін бастады, деп жазады centralasian.org.

Елшілік хабарлағандай, жаттығулар қараша айында заманауи спорт залында басталып, үш айға созылады. Оған барлық қыз-келіншектер қатыса алады.

Қатысушылар 13 жастан 18 жасқа дейін және 18 жастан жоғары деп екі топқа бөлінеді. Әр топта 30-дан аспаған адам болады.

Қатысушылар физикалық шабуылдан қорғанудың тәсілдерін және өзін жақсы формада ұстап жүруді үйренеді. Сонымен бірге жанжалдарды сөйлесу жолымен шешуді және эмоцияны басқаруды үйренеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, пандемия кезінде Өзбекстанда әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық көбейген.

Былтыр Өзбекстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге жәрдем көрсету мақсатында Najot деп аталатын мобилдік тіркеме істей бастағаны хабарланған.