Тау шаңғысы курортында арқанжол үзіліп, жеті адам зардап шекті

0
634

​Аустрияның Тироль аумағындағы тау-шаңғы курортында арқанжол кабинасы үзіліп кетті.


Тау шаңғысы курортында арқанжол үзіліп, жеті адам зардап шекті

Оқыс оқиғадан жеті адам зардап шекті. Төрт адам ауыр жарақат алды, біреуінің жағдайы нашар. Апатты жағдай Эц елдімекеніне жақын маңдағы Ахеркогельбан арқанжолында болған. Мамандар арқанға ағаш құлап, салдарынан кабина үзіліп кеткен деп болжам жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Әзірге арқанжол уақытша істен шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның неден болғаны, ағаштың қалай құлап кеткені анықталып жатыр.

Айта кетейік, Ахеркогельбан арқанжолында 60-қа жуық кабина бар.