Тәжікстанда қар көшкінінен 3 адам қаза тапты

0
569

Марқұмдар болған көлік Душанбе-Чанақ тас жолының бойымен келе жатқан.


Тәжікстанда қар көшкінінен 3 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Тәжікстанның солтүстігінде қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Марқұмдар болған көлік Душанбе-Чанақ тас жолының бойымен келе жатқан. Жол Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысына апарады. Gazeta.ru хабарлағандай, тас жолдың 157-ші шақырымында Musso көлігін қар көшкіні басып қалған.

Көліктің үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

10 ақпанда Тәжікстанда қар көшкіні жүріп, 17 адам қаза тапты. Кқшкін Хорог қаласында төрт тұрғын үйді толығымен, 35 үйді ішінара және бес шаруашылық нысанын қиратты.