Тәжікстанда нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге жетті

0
1 591

Құтқарушылар тағы төрт адамның – үш әйел мен бір ер адамның мәйітін тапты.


Тәжікстанда нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге жетті

ERNUR.KZ. Тәжікстанда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Тәжікстан үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті.

Құтқарушылар тағы төрт адамның – үш әйел мен бір ер адамның мәйітін тапты, қаза тапқандардың кім екені әлі анықталған жоқ.

Сонымен қатар Хатлон облысында құтқару жұмыстары кезінде селден 100 бас мал қырылғаны белгілі болды.

Құтқарушылардың айтуынша, бірнеше ауданда жол жабылып, үйлер мен ғимараттар су астында қалды. Лай көшкінінен ондаған көлік зақымданған.

Комитет табиғи апаттан зардап шеккен барлық ауданда төтенше жағдайдың салдарын жоюды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, жексенбі, яғни 27 тамызда толассыз жауған жауын салдарынан су тасқыны болып, таудан тастар құлаған. Табиғи апат салдарынан елдің екі ауданында 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.