Тәжікстанда оқушылардың қысқы демалысы ұзартылды

0
748

Білім және ғылым министрлігі осы уақыт аралығында жіберілген сабақтар жаздық демалыс есебінен толтырылатынын мәлімдеген.


Тәжікстанда оқушылардың қысқы демалысы ұзартылды

ERNUR.KZ. Тәжікстанда оқушылардың қыстық демалысы қаңтардың 20-сына дейін ұзартылды, деп жазады 24.kz.

Сабақтардың кейінге шегерілуіне өткен аптада басталған сақылдаған сары аяз себеп. Кей жерлерде сынап бағанасы минус 27 градусқа дейін төмендеген.

Мамандардың айтуынша Тәжікстанда мұндай қатты аяз соңғы рет 2008-ші жылы тіркеліпті. Ахуалға байланысты жергілікті Білім және ғылым министрлігі осы уақыт аралығында жіберілген сабақтар жаздық демалыс есебінен толтырылатынын мәлімдеді.