Тәжікстанда ресейлік ұшақ толықтай жанып кетті

0
1 277

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бортта 8 адам болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.


Тәжікстанда ресейлік ұшақ толықтай жанып кетті

ERNUR.KZ. Ресейдің Ил-76МД әскери-көлік ұшағы Душанбедегі әскери аэродромнан жоғары көтерілген уақытта жанып кетті, деп жазады Stan.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ жылдамдық ала бастаған кезде дөңгелегі жарылып, одан кейін өрт шыққан. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шыққан уақытта толығымен жанып кеткен.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бортта 8 адам болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.