Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

0
594

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 606 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.


Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 23 ақпан күні Алматы уақытымен 14:01-де жер сілкінісін тіркеді деп жазады Stan.kz

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 606 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11.0. MPV магнитудасы – 5.0. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, бүгін Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді.