Телефонмен ұзақ уақыт ойын ойнаған баланың көзі қылиланып қалды

0
1 006

Жазғы каникул кезінде бала күніне он сағат бойы экраннан көз алмады.


Телефонмен ұзақ уақыт ойын ойнаған баланың көзі қылиланып қалды

ERNUR.KZ. Қытайдың Аньхой провинциясындағы Хэфэй қаласында тоғыз жасар бала мобильді ойындарға тәуелді болғандықтан көзіне зақым келтірді, деп жазады Stan.kz.

Жазғы каникул кезінде бала күніне он сағат бойы экраннан көз алмады. Ол әкесін тыңдаудан бас тартты да, ұялы телефонмен ұзақ уақыт отырды. Соның салдарынан оны дәрігерге апаруға тура келді.

Баланың көзі қылиланып қалды. Бұл телефонды ұзақ уақыт пайдаланудан туындауы мүмкін. Дәрігер үш айдан алты айға дейін баланың экран алдында өткізетін уақытын айтарлықтай шектеуге кеңес берді. Егер жақсарту болмаса, хирургиялық ота жасау қажет болады.

Осыған қарамастан, бала өз әдеттерін өзгертуге ниет білдірмейді. Оған телефонды уақытша пайдаланбауды ұсынғанда, ол : «Жоқ, мен олай ете алмаймын» деп жауап берді.