TikTok-қа 368 млн доллар көлемінде айыппұл салынды

0
1 148

Tik Tok-тың штаб-пәтері Дублинде орналасқан.


TikTok-қа 368 млн доллар көлемінде айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Балалардың жеке деректерін өңдеу бойынша құпиялылық туралы заңдарды бұзғаны үшін Еуропалық одақ TikTok платформасына айыппұл салды. Айыппұл сомасы 345 млн еуроны ($368 млн) құрады, деп жазады Zakon.kz.


TikTok 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында ЕО-ның құпиялылық туралы бірқатар заңдарын бұзған, делінген Ирландияның деректерді қорғау комиссары (DPC) мәлімдемесінде. Бұл туралы Euronewsжазады.

Tik Tok-тың штаб-пәтері Дублинде орналасқан. Сонымен қатар ЕО атынан әрекет ететін ирландиялық деректерді қорғау комиссиясы әлеуметтік медиа алыбын өз қызметін үш ай ішінде ережелерге сәйкес келтіруге міндеттеді.

Айыппұл 2020 жылдың шілдесі мен желтоқсан айлары аралығында жасалған бұзушылықтар туралы екі жылдық тергеуден кейін салынып отыр.

Айта кетсек, бұған дейін TikTok әлеуметтік желісіне 2019 жылы АҚШ шамамен 5 миллион доллар, ал Нидерланды 2021 жылы 750 мың евро айыппұл салғаны хабарланған. Өткен жылдың сәуір айында Ұлыбритания осындай құқық бұзушылықтар үшін шамамен 15 миллион евро айыппұл салды.