Тоңазытқышта бір жыл сақталатын алма шығарылды

0
1 191

Қазіргі уақытта осы алманың 12 миллион түп ағашы егілген.


Тоңазытқышта бір жыл сақталатын алма шығарылды

ERNUR.KZ. АҚШ-та тоңазытқышта бір жыл сақталса да бүлінбейтін жаңа алма сұрпы сатыла бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаңа алманы сұрыптап шығаруға 20 жыл кеткен. Cosmic Crisp деп аталатын алманы Вашингтон штатының университеті ғалымдары Honeycrisp және Enterprise гибрид сорттарынан алғаш рет 1997 жылы шығарған.

Вашингтон штатының фермерлері бұл сұрыпты алдағы 10 жыл тек қана өздері өсіруге эксклюзив құқық алған.

«Бұл қатты әрі нәрлі қышқыл-тәтті дәмі бар алма», - дейді университеттің осы сортты селекциялау бағдарламасын басқарған Кейт Эванс.

Оның айтуынша, алма тоңазытқышты 10-12 ай сақтау кезінде өзінің қызыл түсі мен керемет дәмін өте баяу жоғалтады.

Қазіргі уақытта штатта осы алманың 12 миллион түп ағашы егілген. Алайда лицензия жүйесінің қатаң талабы оны Вашингтон штатынан басқа жерде өсіруге рұқсат бермейді.

Бастапқыда алма түрі WA38 деп белгіленген, кейін түнгі жұлдызды аспанға ұқсайтын ақ дақтары көп болғандықтан Cosmic Crisp деп аталған.