Төтенше жағдай енгізілген Жапонияда әрбір азаматқа 1 мың доллардан төленеді

0
721

Жапонияда коронавирус жұқтырғандар 8 жарым мыңнан асты, 178 адам осы кеселден көз жұмды.


Төтенше жағдай енгізілген Жапонияда әрбір азаматқа 1 мың доллардан төленеді

ERNUR.KZ. Жапония билігі коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимін бүкіл елге енгізді, деп жазады Азаттық.

Премьер-министр Синдзо Абэ арнайы телеүндеуінде мұндай режим кемінде 7 мамырға дейін созылатынын мәлімдеді. Осындай шешімнің қабылдануын ол төтенше жағдай жарияланған префектуралардан тыс аймақтарда да коронавирус тарағанымен түсіндірді.

Премьердің айтуынша, аурудың таралуын тежеу үшін Жапония адамдардың бір-бірімен байланысын 80 пайызға дейін қысқартуы керек. Төтенше жағдай режимі кезінде үкімет әрбір азаматқа ай сайын шамамен бір мың доллардан төлейді.

16 сәуірдегі мәлімет бойынша, Жапонияда коронавирус жұқтырғандар 8 жарым мыңнан асты, 178 адам осы кеселден көз жұмды.

Әлемде 2 миллион 72 мың адам коронавирус жұқтырған. 134 мың адам қаза тапты. АҚШ, Ұлыбритания және Францияда ауру жұқтырғандар саны едәуір артып отыр.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет