Трамп Ақ үйде ауызашар берді

0
1 371

13 мамыр күні Дональд Трамп Ақ үйде мұсылман қауымға ауызашар жасады.


Трамп Ақ үйде ауызашар берді

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп мұсылман елдерінің елшілері мен дипломаттарына Рамазан айында ауызашар беріп, Ақ үйде қабылдау үлкен мәртебе екенін жеткізді, деп жазады ktk.kz.

Президент соңғы апталарда Жаңа Зеландия, Шри-Ланка және Америка құрама штаттарындағы мұсылмандарға, христиандарға және еврейлерге жасалған шабуылдарға байланысты түрлі дін өкілдері үшін "өте қиын кезең" болғанын айтты. Трамп екінші жыл қатарынан Ақ үйде ауызашар жасап отыр. АҚШ-тың Трампқа дейінгі үш президенті де жыл сайын Рамазан айында Ақ үйде ауызашар жасауды дәстүрге айналдырған.