Трамп АҚШ пен Мексика арасындағы шекараны жабатынын айтты

0
1 049

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптадан бастап Мексика билігізаңсыз мигранттардың Америкаға келуін тоқтатпайтын болса, екі ел арасындағы шекараны толық не ішінара жабатынын атйып, оңтүстіктегі көршісіне сес көрсетті.


Трамп АҚШ пен Мексика арасындағы шекараны жабатынын айтты

ERNUR.KZ АҚШ президенті ДональдТрамп, егер көрші елдің билігі заңсыз мигранттардың ағынын тоқтатпаса, Мексикамен шекараны толық немесе ішінара жабатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.com.

Сонымен қатар, Ақ үй басшысы Конгрестен АҚШ-тың көші-қон заңнамасын күшейтуді талап етті. Америка президентінің айтуынша, Мексикада бұл заңнама ел үшін тиімді болады екен. Өйткені, АҚШ-тың есебінен Мексика жылына 100 миллиард ақша тауып отырған көрінеді.

"Мексикаға бір нәрсе жасауға тура келеді. Әйтпесе мен шекараны жабамын. Көптеген жылдар бойы Мексикамен арада сауда айналымы төмендеп кеткенін байқап отырмыз, шекараның жабылуы бізге пайда әкелуі мүмкін. Егер сіздер шекараны жабсаңыз, елге келетін есірткі ағыны тоқтайды", - деді Трамп.

Ал, Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес бұл жағдайда барынша сақ болуды шешіпті.