Трамп: Черногорияға байланысты үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін

0
1 273

Трамп соғыстың НАТО ұжымдық қорғанысы себебінен басталуы мүмкіндігін айтты.


Трамп: Черногорияға байланысты үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін

фото: © REUTERS

ERNUR.KZ. Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында "Черногорияға байланысты үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін, ал чернагориялықтар агрессивті" халық деп атады, - деп жазады tengrinews.kz.

REUTERS мәліметінше, Трамп соғыстың НАТО ұжымдық қорғанысы себебінен басталуы мүмкіндігін айтты. Осыған байланысты альянстың бір мүшесіне шабуыл жасалса, қалған мемлекеттер соғыс әрекетіне қосылып кетеді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт бүгінге дейін Черногориядан телефон соғып, АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесіне наразылық білдіргендер жоқтығын хабарлады.

"Менің білуімше, бізге әлі телефон қоңырауы келіп түспеді", - деді ол.

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың альянс ұстанымына сәйкес, Черногорияны НАТО мүшелері секілді қорғайтынын айтты.