​Трамп неге алкоголь ішпейтінін айтты

0
942

Мен ішпеймін.


​Трамп неге алкоголь ішпейтінін айтты

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп алкогольге құмарлығы болған жағдайда әлемдегі ең жаман адам болатынын мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Трамптың алкоголь ішпейтінін барлығы біледі. АҚШ президенті ағасы қайтыс болғаннан кейін алкогольден бас тартқан екен.

"Мен ішпеймін. Шынымды айтайын, өмірімде ешқашан сыра ішіп көрмеппін. Бұл менің жақсы әдеттерімнің бірі. Өмірімде бірде-бір рет бір шыны болса да алкоголь ішіп көрмегенмін. Қандай себептер болсын, ішпегенмін. Алкогольге құмар болсам, әлемдегі ең жаман адам болатынымды елестете аласыздар ма?", - деді Трамп дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихаты барысында.