Трамп Солтүстік Каролинадағы дауыстар бойынша жеңді - БАҚ

0
526

Солтүстік Каролинада Трамп 50 пайыз дауыс жинаған. Байден - 48,6 пайыз.


Трамп Солтүстік Каролинадағы дауыстар бойынша жеңді - БАҚ

ERNUR.KZ. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Солтүстік Каролина штатында жеңіске жетті. Бұл туралы NBC News және CNN телеарналары мәлімдеген, деп жазады Tengrinews.kz.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Солтүстік Каролинада Трамп 50 пайыз дауыс жинаған. Байден - 48,6 пайыз.

Ал демократиялық кандидат Джорджияда жеңіске жетті, онда 49,5 пайыз дауыс жинады, ал қарсыласы Трамп - 49,2 пайыз.

Алайда Солтүстік Каролинадағы жеңіс сайлау нәтижесіне әсер етпейді. БАҚ есептеулеріне сәйкес, Байден сайлаушылардың 306 даусын алады, ал Трамп - 232. Сайлауда жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет.