Трамп Зеленскийді Ресейдің жаңа президенті деп атады

0
782

Трамптың үндеуі Ақ үйдің ресми сайтында өзгеріссіз жарияланды.


Трамп Зеленскийді Ресейдің жаңа президенті деп атады

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп өз сөзінде шатасып қалды. Ол Украина басшысы Владимир Зеленскийді Ресейдің жаңа президенті деп атады, деп жазады Stan.kz.

Өзінің Эндрюс әуе бекетінде журналистерге берген сұхбатында АҚШ президенті шілде айында орын алған Зеленский екеуінің әңгімесін атап өтті. Сонымен қатар, ол Демократия партиясының өкілдерін сынға алыпты.

«Демократтардың маған жапқан жаласы өтірік. Олар мен Ресей президентімен арада болған әңгімені ашық жариялайды деп ойламаған. Есесіне, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің жаңа президенті жақсы адам», - деген Трамптың үндеуі Ақ үйдің ресми сайтында өзгеріссіз жарияланды.