Тұрғын үй астынан мұнай шықты

0
3 247

Оқиға орнына келген мамандар сынамалар алып, оның қайдан шыққанын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Тұрғын үй астынан мұнай шықты

көрнекілік фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Баку қаласындағы Сураханский ауданы аумағындағы бір үйдің астынан төгілген мұнай табылған. Бұл туралы бейсенбіде мемлекеттік SOCAR мұнай компаниясына қарасты Suraxanı Oil операциялық компаниясы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Тұрғындардың өтініші бойынша оқиға орны тексерілген. "Үйдің астынан аз көлемдегі мұнай табылды. Жекеменшік үй Мұнай мұнарасы жағында орналасқан»,- делінген компанияның хабарламасында.

Оқиға орнына келген мамандар сынамалар алып, оның қайдан шыққанын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.