Түрік әуе компаниясы 18 қарашаға жоспарланған 40 рейсті тоқтатты

0
1 529

Ыстамбұлдан ұшып шықпақ жолаушылардан рейсі туралы ақпаратты әуе компанияның сайтындағы "рейс мәртебесін СҰРАУ" айдарынан тексеріп алу сұралады.


Түрік әуе компаниясы 18 қарашаға жоспарланған 40 рейсті тоқтатты

ERNUR.KZ. Turkish Airlines әуе компаниясы 18 қарашаға жоспарланған 40 рейсті ұшу алаңына шығармады. Оған себеп - ауа райының қолайсыз жағдайлары, деп жазады Zakon.kz.

"Төтенше метеорологиялық жағдайлар комитетінің шешіміне сәйкес, ертең Ыстамбұлда қолайсыз ауа райына байланысты жалпы саны 40 рейс тоқтатылды", делінген turknws әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.


Ыстамбұлдан ұшып шықпақ жолаушылардан рейсі туралы ақпаратты әуе компанияның сайтындағы "рейс мәртебесін СҰРАУ" айдарынан тексеріп алу сұралады.

2023 жылдың мамыр айының соңында қазақстандықтар бағаның өсуіне байланысты Түркияда демалудан бас тарта бастағаны хабарланды.