Түрік курортында атыс болды: қаза тапқандар бар

0
611

Мугла провинциясының Бодрум ауданындағы қонақ үйде атыс болды.


Түрік курортында атыс болды: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп жазады Inbusiness.kz.

Қонақ үйге көлікпен келген үш адам мен қонақ үй аумағындағы тағы үш адам арасында жанжал туындаған. Атыс салдарынан зардап шеккендер Ардахан Б. (22 жаста) және Йигиткан Б. (22 жаста) ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Тағы бір жарақат алған адам — Мерт Али А. (17 жаста).

Омер Аташ (28 жаста) оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі уақытта жасырынып жүрген күдіктілер іздестіріліп жатыр, тергеу басталды. Жанжалдың себебі әлі анықталған жоқ.