Түрікменстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдерге боянып жүруге тыйым салынды

0
581

Әйелдер қолхатта дәстүрлі түрде тігілген кең көйлек пен балағы кестеленген шалбар киіп жүретіні туралы жеке көрсетуі тиіс.


Түрікменстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдерге боянып жүруге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Түрікменстанның Мары уәлаятының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында жұмыс істейтін әйел қызметкерлер косметика қолданбау, шаш боямау, маникюр жасамау, тар киім кимеу және сыртық кклбетін сәндеуге қатысты өзге де тәсілдерден бас тартуға міндеттеліп, қолхат жазуға мәжбүр болып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әйелдер қолхатта дәстүрлі түрде тігілген кең көйлек пен балағы кестеленген шалбар киіп жүретіні туралы жеке көрсетуі тиіс.

Осындай қолхат бере отырып, мемлекеттік мекеме қызметкері уәкілетті органдардың талаптарын орындауға жазбаша міндеттеледі және ол талаптарды бір рет болса да бұзған жағдайда жұмысынан кететініне келісім береді.

«Үш апта бұрын ботокс пен ерінге татуаж жасауға тыйым салынған уақыттан бері басталған халықтың сыртқы келбетін толық бақылау жұмыстары косметикалық қызметтердің барлық түріне жүргізіліп отыр. Тіпті әйелдер қауымы «сұлу болып көрінудің» барлық әдісінен бас тарту туралы қысымға ұласып кетті десе де болады. Бүгінде елдегі кәсіпорындар мен оқу орындарында «табиғи сұлулықты» насихаттау жұмыстары басталып кетті», - делінген хабарламада.

Көптеген сұлулық салоны өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болуда. Жұмыссыз қалғандықтан клиенттерді жеке қабылдауға ұмтылған мамандар қудалауға ұшырай баастады.

Түрікменстан билігі елдегі ІІМ басшысы ауысқалы бері басталған халықты толық бақылау, оның ішінде «сұлулыққа» тыйым салу жұмыстарына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Көпшілік комметикалық қызметтерге тыйым салуды елдің жаңа президенті Сердар Бердімұхамедовтің консервативті талғамымен байланыстырып отыр.