Түркістандық "​Қазынаның" бишілері Ресейде лауреат атанды

0
1 213

Сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Қазына" би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері бірнеше номинация бойынша марапатталды.


Түркістандық

23-25 наурыз күндері Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен VII Халықаралық "Розы России-2019" бишілер байқауында халықаралық, республикалық би байқауларының жеңімпазы "Қазына" би ансамблінің солистері Сыдықова Гүлназ, Жүрсінбек Ақтөре қатысып, арнайы І-дәрежелі марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Қазына" би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Әжібекова Зәуре Бекембайқызы "Шығармашылық ынтымақтастық үшін" және би ұжымы "Жоғары дәрежедегі кәсіби ұжым", "Шынайы әрі жаңаша саxналық xореографиялық қозғалыстары үшін", "Ұлттық би", "Заманауи xореография" (дуэт) номинацияларымен марапатталса, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы бас консулы Иманбаев Болат Бариұлы арнайы алғыс хат және халықаралық тәжірибе алмасу бойынша сертификат табыстады.

Түркістандық "Қазына" би ансамблі VII Халықаралық "Розы России-2019" байқауында "Қара жорға", "Домбыра", "Аңшылар", "Көзімнің қарасы" және ұйғырдың "Долан-машрап", "Чин-Таxса" билерін билеп, көрермен ықыласына бөленді.