Түркия азаматтығын аламын деушілер 400 мың долларға үй алуы керек

0
581

Шетелдіктердің бұл елдегі жылжымайтын мүлікке деген сұранысы өткен жылы қаржы нарықтарындағы құбылмалылық салдарынан артқан болатын.


Түркия азаматтығын аламын деушілер 400 мың долларға үй алуы керек

ERNUR.KZ. Шетелдіктер кем дегенде 400 мың доллар тұратын жылжымайтын мүлік сатып алған жағдайда ғана Түркия азаматтығын арнайы тәртіппен ала алады. Президент Тайип Ердоғанның бұл бұйрығы үкіметтің ресми басылымында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, бұл шешім бір айдан кейін күшіне енеді.

Бұған дейін Түркия азаматтығын алу үшін құны 250 мың доллар тұратын жылжымайтын мүлік сатып алу қажет болатын. Бұл ереже 2010 бекітілген еді.

Сонымен қатар Түркияның жеке зейнетақы жүйесінің бағдарламасына кемінде үш жыл қатысып, оған кем дегенде 500 мың доллар салғандар да бұл елдің азаматтығына қол жеткізе алады. Бұл шешім бұйрық жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Шетелдіктердің Түркиядағы жылжымайтын мүлікке деген сұранысы өткен жылы қаржы нарықтарындағы құбылмалылық салдарынан артқан болатын. Knight Frank консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша, Ыстанбұл, Анкара және Измир 2021 жылы тұрғын үй бағасының индексі бойынша әлемдік рейтингте көш бастады.