Түркия курорттарын түтін басты

0
1 008

Өрт Фетихе курортынан 60 шақырым жерде басталған.


Түркия курорттарын түтін басты

ERNUR.KZ. Мугла провинциясының оңтүстік-батысындағы орман өртінің салдарынан Эгей теңізінің жағалауында орналасқан Фетхие және Даламан курорттарын түтін басты, деп жазады inbusiness.kz.

«Өрт сөндірушілер Мугла провициясында басталған өртті сөндіруге тырысып жатыр. Ол жерде орманның 350 гектарға жуық бөлігі өртеніп, бір қонақүйдің ғимараты бұзылған. Даламан, Фетихе курорттарын көз ашытатын қалың тұман басты, ал өрт танымал туристік қаланың бірі саналатын Геджекке жақындады», - деп жазады Hurriyet Daily News баспасы.

Баспа ақпараты бойынша, өрт Фетихе курортынан 60 шақырым жерде басталған, 30-дан астам үй эвакуацияланған. Өрт сөндіруге 520 өрт сөндіруші, 105 автоцистерна, 18 бульдозер, 15 тікұшақ тартылған. Ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирдің айтуынша, өрт бақылауға алынған, туристер үшін еш қауіп жоқ. Күннің ыстық болуы, желдің күшеюі және ылғалдықтың төмен болуынан, өрт тез тараған.

«Түркияда болған ең үлкен өрт 17 мың гектар аумақты алған болатын. Бұл орман өрті үлкен блмаса да, біраз әуре-сарсаңға салған. Себебі өрт курорттық аймақта басталды», - дейді Бекир Пакдемир.