Түркия портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 12-ге жетті

0
514

Күшті жарылыс кеше Ыстанбұлдан 100 шақырым жерде, Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Коджаели провинциясындағы ірі коммерциялық порт – Деринджеде болған.


Түркия портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 12-ге жетті

ERNUR.KZ. Түркияның Дериндже портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 12 адамға жетті. Жарылыс кемелерге астық тиейтін аймақта болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Күшті жарылыс кеше Ыстанбұлдан 100 шақырым жерде, Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Коджаели провинциясындағы ірі коммерциялық порт – Деринджеде болған. Бұған дейін 10 адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Жарылыс элеваторлардан кемелерге астық тиейтін аймақта болған. Элеваторлар Түркия астық кеңесіне тиесілі.

«Нақты деректер бойынша, жарылыс салдарынан 12 адам жараланды, екеуінің жағдайы ауыр. Жарылыс 16 элеватордың 13-ін бүлдірген», - деп хабарлады Коджаели қаласының мэрі Тахир Бююкакын.

Жарылыс себептері тексеріліп жатыр. Порттың контейнерлік инфрақұрылымы зақымдалған жоқ.