Түркия президенті iPhone сатылымына тыйым салмақ

0
991

Түркия АҚШ-тың электронды тауарларына байкот жариялады.


 Түркия президенті iPhone сатылымына тыйым салмақ

ERNUR.KZ. Түркия америкалық санкцияларға жауап ретінде АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялайды. Бұл туралы Түркия президенті Тайип Ердоған мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Түркияға қарсы экономикалық шабуыл жүргізіліп жатыр. Бұрын мұндай әрекеттер жасырын түрде жасалатын, ал қазір барлығы ашық түрде жүріп жатыр. Бұл жағдайда бізде екі нұсқа бар: экономикалық және саяси позиция. Экономикалық позицияға келсек, біз қаржы министрілігі мен қазынашылықтың күні-түні жұмыс істеу үшін шараларды қабылдап жартырыз. Сондай-ақ, біз АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялаймыз. Оларда iPhone бар, Samsung та бар. Ал біздің елімізде өзіміздің телефон маркамыз бар - Venüs Vestel. Соларды қолданамыз", - деді Ердоған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Түркияның доллардан бас тартуға бел буғаны хабарланған болатын. АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі "адам құқығын өрескел бұзды" деген айыппен Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді.