Түркия тұңғыш ғарышкерін ұшырды

0
542

Альпер Гезеравчи Ах-3 экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына аттанған.


Түркия тұңғыш ғарышкерін ұшырды

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 17 қаңтарынан 18 қаңтарына қараған түні Түркиядан келген тұңғыш ғарышкер ғарышқа аттанды, деп жазады inbusiness.kz.

Альпер Гезеравчи Ах-3 экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына аттанған. Жолда бір жарым күннен кейін құрылғы станциясымен бірге 19 қаңтар күні сағат 13:15-те түйісуі қажет.

"Мен өзімнің әдемі елім Түркияны ғарышқа ұшқан алғашқы азаматы ретінде елестетемін. Алайда, оның мәні алғаш рет басқарылатын миссиясында емес. Себебі, біз әлемдік ғылымды байытуды жоспарлап отырмыз", — деді Гезеравчи бұған дейін берген сұхбатында.

Жалпы, бұл – бүкіл ел үшін ең маңызды оқиға. Сондай-ақ, оны атап өту үшін Түрік ғарыш агенттігі (TUA) және PTT орталығы Түркияның тұңғыш ғарышкері басқаратын ғарыштық ұшу үшін арнайы естелік марка мен конвертті әзірледі.

Сонымен қатар, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл ғарыш сапарының маңызы зор екенін ескеріп, ғарышкерге сәттілік тіледі. Оның айтуынша, осы міндет әрі ғылым миссиясы, балалар мен жастарға шабыт болатындай құнды және жаңа бастау болатыны анық.