Түркия жер сілкінісінің құрбандарын еске алды

0
322

Былтыр дәл осы күні қуаты 500 атом бомбасына тең жер сілкінісі болып, 53 мың адамның өмірін қиған еді.


Түркия жер сілкінісінің құрбандарын еске алды

ERNUR.KZ. Түркияда 6 ақпан - табиғи апаттар құрбандарын еске алу күні, деп жазады baq.kz.

Былтыр дәл осы күні қуаты 500 атом бомбасына тең жер сілкінісі болып, 53 мың адамның өмірін қиған еді.

Бауырлас ел, оны «ғасыр апаты» деп атады. Қалалар мен ауылдар жермен жексен болды. Содан бері 1 жыл өтті.

Зәлзаладан 107 мың 213 адам зардап шекті. Шығын көлемі 104 миллиард доллар болды. Жермен жексен болған немесе тұруға жарамсыз деп табылған үйлердің қирандылары 91% тазартылды. 441 мыңнан астам кісінің меншік құқығы анықталды. Ел президенті бір жылдың ішінде жаңа үйлердің құрылысы аяқталады деп сендірген болатын. Және ол сөзінде тұрды. Зардап шеккендерге баспана кілттері берілді.

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге алдымен заңды түрде өтініш беру мерзімі берілді. 11 провинцияны, 124 ауданды және 6 929 ауданды қамтитын меншік құқығын анықтау үрдісі 211 күнде аяқталды. 845 мың 371 өтініш бағаланды. Ал барлық процестер аяқталғаннан кейін барлығы 441 мың 567 бенефициар анықталды, Оның ішінде 389 мың тұрғын үй, 40 мың 658 жұмыс орны және 11 мың 531 қора. Провинцияларда, аудандарда және ауылдық жерлерде барлығы 250 мың тәуелсіз бөлімдер тендер жарияланды. Жаңа тендерлер өткізуді жалғастырудамыз. Апат кезінде 200 мыңнан астам адам тартылды, - деді Ішкі істер министрі Али Йерликая.

Олар тәулік бойы жұмыс істеді. Әлемнің 90 елінен арнайы құтқарушы жасақтары үйінді астынан адамдардың құтқару үшін өмір мен өлім арасында күресті. Солардың арасында өзіміздің отандық құтқарушыларымыз да болды. 101 кісілік Қазақстандық құтқарушылар жергілікті тұрғындардың үрейіне үміт сылайды. Қаншама кісінің өмірін араша алып қалды.

Айта кеткен жөн, былтыр қараша айында Астанадағы Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында мемлекет басшылары бірқатар құжатқа қол қойды. Соның ішінде 6 ақпан Табиғи апаттар құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Бүгін апаттық өңірде орта білім беру орындарында бір күндік демалыс жарияланды.