Түркияда 208 орман өртінің 196-сы ауыздықталды

0
1 254

Табиғи апатпен күреске 16 ұшақ, 56 тікұшақ, 850 суару көлігі мен су құйылған автоцистерна жұмылдырылған.


Түркияда 208 орман өртінің 196-сы ауыздықталды

ERNUR.KZ. Түркияда 28 шілде мен 6 тамыз аралығында болған 208 орман өртінің 196-сы ауыздықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«09:45-тегі жағдай бойынша мемлекеттің барлық мүмкіндіктерді жұмылдырғанының арқасында Түркияда 28 шілдеден 6 тамызға дейінгі аралықта тұтанған 208 өрттің 196-сы бақылауға алынды»,- делінген Түркияның Орман шаруашылығы бас басқармасының Twitter-дегі хабарламасында.

Бір күн бұрын елдің ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекір Пакдемирли табиғи апатпен күреске 16 ұшақ, 56 тікұшақ, 850 суару көлігі мен су құйылған автоцистерна жұмылдырылғанын мәлім еткен болатын.