Түркияда Қазақстаннан барған турист суға кетті - БАҚ

0
527

Қазақстанның 25 жастағы азаматы Антальяда суға кеткені айтылады.


Түркияда Қазақстаннан барған турист суға кетті - БАҚ

ERNUR.KZ. Түркияда Қазақстаннан барған турист суға кетті, - деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Қазақстанның 25 жастағы азаматы Антальяда суға кеткені айтылады. Оқиға шамамен 13:30-да Коньяалты жағажайында болған.

"Жас жігіт теңізде түтікшесі бар маскамен шомылған. Оның әпкесі бұл кезде қонақүйде болған және 16:30-да 112-ге хабарласқан. Жағажайға теңіз полициясының бригадасы, жағалау күзеті, жанармерия және дәрігерлер жөнелтілген. Үш сағаттық іздеу шараларынан кейін қазақстандық туристің денесі бес метр тереңдіктен шығарылған. Оның мәйітін сүңгуірлер теңізден алып шығып жағаға жеткізген", - деп жазады жергілікті БАҚ.

Жедел-тергеу тобының жұмысынан кейін ер адамның денесін Антальяның сот медициналық институттың мәйітханасына жеткізген.