Түркияда қоқиқаз қырылды

0
445

Мұндай жағдайға аймақтағы құрғақшылық пен көл суының 10 шақырымға тартылуы себеп.


Түркияда қоқиқаз қырылды

ERNUR.KZ. Түркия елдің орталық бөлігінде қоқиқаздардың қырылуына қатысты тергеу амалдарын бастады. Қазір Туз көлі маңында мыңдаған құстың өлігін көруге болады, деп жазады 24.kz.

Эколог мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға аймақтағы құрғақшылық пен көл суының 10 шақырымға тартылуы себеп.

Сонымен қатар жергілікті шаруалардың егістікті суару әдістері әсер еткен көрінеді. Десе де, Түркияның ауыл шаруашылығы министрлігі құстардың қырылуы мен егістікті суару арасында еш байланыс жоқ деп отыр.