Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 5 есе артқан

0
605

Әлемде COVID-19 ауруының асқынуы байқалады.


Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 5 есе артқан

ERNUR.KZ. Түркия мемлекетінің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа жасы 50 асқан азаматтарға шұғыл түрде вакцияна алу және ревакцинация жасау қажеттігін айтты, деп жазады exk.kz.

Министрдің сөзінше, 27 маусым мен 3 шілде аралығында вирус жұқтырғандар 114 пайызға көбейген. Түркиялық БАҚ бұл цифрдың бір апта бұрынғымен салыстырғанда, 5 есе артық екенін айтады.

Ф.Қожа жасы егде тартқан елінің тұрғындарын аурудың алдын алу үшін әбжіл қимылдау керек деп отыр.

Әлемде COVID-19 ауруының асқынуы байқалады. Өкінішке қарай, жағдай Қазақстанды да айналып өтпеген.