Түркияда құтқару жұмыстары аяқталуға жақын

0
609

Құтқарушылар енді бірнеше күнде елге қайтады.


Түркияда құтқару жұмыстары аяқталуға жақын

ERNUR.KZ. Алапат зілзала болған Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқтала бастады. Қазақстандық құтқарушылар да өздеріне сеніп тапсырылған учаскелерде жұмыстың басым бөлігін аяқтады, деп жазады zakon.kz.

Құтқарушылар енді бірнеше күнде елге қайтады.

Түркиядағы құтқару жұмыстарына Қазақстаннан барлығы 97 адам және 6 техника қатысты.

Қазақстандық топтың құрамында құтқарушылар, кинологтар мен дәрігерлер бар. Біздің құтқарушылар негізінен екі қалада жұмыс істеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Газиантеп және Нұрдағы, Газиантепте үш ғимараттың үйінділерінен адамдарды іздеу-құтқару жұмыстарымен айналысқан біздің жігіттер 4 адамды тірі алып шықты.

Қазір екі ғимараттағы құтқару жұмыстары толық аяқталды. Үшінші ғимаратта да аяқталуға жақын. Ал Нұрдағы қаласында қазақстандық құтқарушылар 7 қабатты бір ғимаратта жұмыс істеді.

Ол жерден үш адам тірі шығарылды. Медицина мамандары осы күндері 200-дей адамға көмек көрсетті. Олардың қатарында 30-ға жуық бала да бар.

Көбіне жергілікті тұрғындар дәрігерлер қарауына жеңіл жарақаттарын емдетуге және күйзелістен шығу жолдарын іздеп келген.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін біздің құтқарушылар барлығы 7 адамды үйінді астынан аман алып шыққан. Ал 88 адамның денесі шығарылды.